Тараз. 77news — Балтамыр өсірудің бабын білетін меркілік шаруалар биыл да мол өнім аламыз деп отыр. Дала диқандарының айтуынша, қазірдің өзінде қант қызылшасы жұдырықтай болса, бидай белге жеткен. Егінге орақ түскенше тәтті түбірдің келісін рекордтық көрсеткішке жеткізу жоспарлап отыр,- деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігінің тілшісі.   

Меркіліктердің көпшілігі қазір қант қызылшасын өсірумен айналысады.Солардың бірі аудан ірі шаруа қожалық саналатын- «Сыпатай батыр» ЖШС.   2008 жылдан бері осы іспен айналысып келеді. Жаңа технологияның тілін меңгерген мұндағы шаруалар тәтті түбірді өсірудің де тың тәсілін тапқан сыңайлы. Балтамырдың бабын тапқан шаруалар  өнімнің салмағы қазір 150 гр жетті, піскен уақытында 1қызылша  1  келіге жетеді деп отыр.

Қызылшамен қатар қожалық бидай өсіруді де мықтап қолға алған. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, Франциядан дәнді дақылдың Алатау,Жалғас, Жасөркен деген бірнеше түрін әкеліпті. Биыл сол жаңа сұрыпты егілген. Әрбір талшықта 90-92-96 дәнге дейін бар. Енді диқандар ерте күзде 20 гектар жерге арпа себуді жоспарлап отыр. Өнім жақсы шықса, аудандарды да бидаймен қамтамасыз етеміз дейді дихандар.