Тараз. 77 news -Таразда екі жаңа заманауи спорт кешені ашылды. Болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін нысан «Астананың 20 жылдығына 20 нысан» акциясы аясында есігін айқара ашты. Енді кәсіби спорт клубы мен велосипедшілер базасы  Тараздық спортшылар үшін жұмыс істемек- , деп хабарлайды 77 news.kz ақпарат агентігінің тілшісі. 

Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының 3 ангар типті спорт залы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында орналасқан. Бұл спорт зал мектептің 3-і ангар типті ғимараты саналады. Өткен жылы құрылысы бастау алып, өңір қазынасынан 494 млн теңге қаржы бөлінген. Енді мұнда 1 ауысымда 120 спортшы жаттыға алады.

Спорт клубы 3 бөлмеге бөлінген.  Жаттығу залы барлық заманауи стандарттардың талаптарына сәйкес келеді. Сондай-ақ, дзюдо, грек-рим күресі, кикбоксинг  сынды спорт түрлерімен де жаттығуға мүмкіндік бар.

№4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде велосипед базасының салтанатты ашылуы болды. Мұнда велоспорт және триатлон спорт түрі қамтылған.Бұрын велосипедшілер жер төледе жаттығатын. Тіпті, велосипедтерін сақтау орны болмаған. Енді 1 аусымда 36 адам жаттығатын болады.  Екі қабатты ғимаратта жаттығу залы, жаттықтырушыларға арналған бөлмелер бар. Мұнда тек жаттықпай, теориялық сабақтар өткізілетін болады. Бұрын велосипед базасында 120 адам жаттығу жасаса, енді мекеме мамандары 200 спортшыға жеткізуді көздеп отыр. 

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 2000 мыңнан аса спорт нысаны бар. Олардың барлығы дерлік болашақ спортшылар мен кәсіби спорт шеберлері жаттығу үшін жұмыс істейді.