Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77news — «Туған күніңмен, Астанам!» Бүгін  бас қаланың 20 жылдығын шаһардағы бір топ ұстаздар мен тұрғындар өзінше бір атап өтті, — деп хабарлайды 77news.kz АА тілшісі.

Мерекелік тартуға сай қылып қалалық мәдениет үйін де безендіріп қойған.  Шағын концертте өңірге танымал өнер майтарлмандары қалың қарашаға ән жолдап, мың бұралған бишілер ортада көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, «Елдігімнің бейнесі — Елорда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Мақсат — оқырмандарға осылайша Астана жайлы толық ақпар  беру, — дейді ұйымдастырушылар. Ал, бал тілді балақайларда мереке қарсаңында мерекелік тарту жасады.  Олар ортаға шығып бағаналы басты орданың құрметіне  тақпақтар  мен әндерін жолдады.