Тараз. 77news — Бүгін жамбылдық журналистердің барлығы бір жерде бас қосты. Себеп сол – кәсіби мереке. Өңір басшысының өзі қаламы ұшқыр, ойы жүйрік тілшілер қауымын арнайы шақырып, еңбегін еледі, — деп хабарлайды 77news.kz AA.

Хан сарайындай кең кешен, арнайы жайылған дастархан. Әртістердің мерекелік концерті. Бұның бәрі бұқаралық ақпарат құраладарына көрсетілген арнайы құрмет. Облыстың барлық БАҚ өкілін өңір басшысы осылайша жиды бүгін. Алдымен сөз алып, барша қаламгерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Асқар Исабекұлы мұнан соң, марапатқа кезек берді. 5 БАҚ және 2 байланыс саласының қызметкерлеріне құрмет грамотасын табыстады. Олардың қатарынада «77TV» директоры Зарина Қуатова да бар.

Облыс əкімі мұнан соң, «Аймақтың үздік журналисі» атағына лайық болған жандарға арнайы 100 000 теңгенің сертификаты берілді.

Сондай-ақ, аймақтың ең үздік БАҚ номинациясы бойынша «Жамбыл» телеарнасы мен «Знамя труда» газеті марапатталып, ұжымға  500 000 теңгенің сертификаты  үлестірілді.