Тараз. 77news — Еліміздің жүрегі болған Елорданың 20 жылдығына, Талас ауданында 70 пәтерлі тұрғын-үй сыйға тартылды. Қаратау қаласындағы көпқабатты баспана кілттерін, салтанатты түрде үй кезегінде тұрғандар иеленді, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Алаштың ақ ордасына айналған астананың 20 жылдығы қарсаңында, Таластық 70 жанұя баспаналы болды. Ел мерекесімен қатар келген қарашаның қуанышын аудан әкімі Досмаханбет Қасымұлы бөлісіп, арнайы құттықтады.

Аудан орталығының 5-мөлтек ауданындағы №51 үйге осылайша бұқара қоныс тепті. Жалпы сметалық құны 226 млн теңге болатын баспананың қайта жөндеу 2017 жылы басталған. Биыл толық жөндеуі бітіп, «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында шаңырақтарға шаттық әкелуде.