Тараз. 77news — Қордай ауданында 28 маусым – Байланыс және бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, дәстүрге сай аудан әкімінің қабылдауы өтті, — деп хабарлайды 77news.kz АА тілшісі.

Қабылдауға аудандық «Қордай шамшырағы» — «Кордайский маяк» қоғамдық –саяси газеті, «Кәсіпкер жаршысы» газеттерінің ардагер журналисттері мен ұжымы, сондай-ақ, аудандағы байланыс саласының қызметкерлері қатысты.

Қабылдауды аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозов жүргізіп, «Ауданымыздың тілшілер қауымы   қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқарып,  аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алуда. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық. Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілеймін!»деп тілшілер қауымын құттықтап, аудан әкімінің атынан құттықтау хат және сыйлықтарды табыс етті.