Тараз. 77news — Астана қаласының 20 жылдығына  орай облыстық этномәдени бірлестіктер арасында спорттық сайыс өтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Дәстүрге айналған спорттық шараға түрлі ұлт өкілдерінен жасақталған командалар қатысты. 250-ге тарта спортшы үстел теннисі, жүзу және арқан тартудан өзара мықтыны анықтады. Аға буын өкілдері де шарадан шет қалмады. Ынтымағы мен ауызбірлігі жарасқан Жамбылдың көпұлтты халқы осылайша спортта да ұйымшылдық таныта білді.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ұғындырған спартакиада қатысушыларға серпін бергендей. Тіпті, этномәдени бірлестіктер енді спорт арқылы достық қарым-қатынасымызды арттырамыз, -деп отыр.

Байқау қорытындысы бойынша жеңіспаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал ұлт-өкілдері достық жолында бекем болатындарын жеткізді.