Меркіде 2400-ге жуық азамат мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрмек

0
44

Тараз. 77news — Меркі ауданында  еңбекке қабілетті бар , бірақ істейтін ісі жоқ,  тіркеуде тұрған тұрғындардың  саны- 900 ге жуықтаған. Осы орайда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында, ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда деп хабарлайды «77news» ақпарат агентігінің тілшісі.

Биыл 2400 ге жуық меркілік  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шарапатын көрмек.  Қазірдің өзінде 1234 азамат жұмыспен қамтудың жаңашаланғңан жобасына қатысуда. Бірі кәсіби білім алса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналасып отыр. Үш бағытқа бөлінген бағдарлама әсіресе шалғайдағы жұрттың жұмыс табуына мол мүмкіндік беруде.

Бірінші  бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бұл бағытта қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысқандарға — 91,6 млн.теңге қаржы бөлінген -, дейді мамандар.

Ауданда бағдарламаның екінші бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша да бірқатар жұмыстар іске асуда. Айталық, бүгінгі күні кәсіптік оқытуға 234 адамға жіберілген. Ал, «Бастау бизнес» жобасына аясында қосыша 98 азамат оқуға жолданыпты.  Оқуын аяқтаған 50 азамат, сертификаттарын алып үлгерген.  Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, мүмкіндігі шектеулі жандарды да жұмыспен қамту бойынша атқарылған іс көп дейді.

Бағдарламаның  енді мақсаты тіркеуде тұрған 1000 жуық азаматты жұмысқа орналастыру. Атап айтқанда,  оның  ішінде 463 адам нәзік жандар мен  29 жасқа дейінгі 315 жасты орталық аурухана, аудан әкімінің аппараты, білім бөлімі, ауылдық округтар, аудандық ішкі істер бөлімі сынды мекемелерде жұмыспен қамту көзделініп отыр.