Тараз. 77news — Қазгидромет синоптиктері еліміздің төрт аймағында аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жариялады-, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

1-3 шілде аралығында Маңғыстау облысында 43-46°С дейін; Батыс Қазақстан облысында 40-43°С дейін аптап ыстық күтіледі. 1-3 шілдеде Атырау облысының басым бөлігінде, 4 шілдеде кей жерлерінде 40-43°С ыстық болады. 1-4 шілде аралығында Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-42°С дейін ыстық. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95% деп хабарлайды Қазгидромет.