Фото: Хабар 24

Тараз. 77news — Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәмелеттік жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандардың күтіміне жәрдемақы төленетін болды — , деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Әлеуметтік көмекке бірінші топтағы мүгедектер ие болады. Төлемақы алуға өтінішті мүмкіндігі шектеулі жанның өзі немесе оның заңды өкілі өтініш бере алады. Жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Шамамен 28 мың теңгені құрайды.