Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Мектептерде газдалған сусын мен шоколад сатуға тыйым салынды. Енді зиянды тәттілерді бұдан былай оқушыларға саудалауға болмайды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қазір оқушылардың жазғы демалысқа шыққанын ескерсек, жаңа талап қыркүйектен бастап орындалуы тиіс.  Сондай-ақ, министр ата-аналарға білім ордасында тыйым салынған өнімдердің сатылғанын көрсе, бей-жай қарамауға шақырды. Бірден қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына хабарласуды сұрап отыр. Ал, ереже бұзған мектеп әкімшілігіне қатысты қатаң шаралар қолданылмақ.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

— Денсаулық сақтау министрлігі мектепте тамақтануға қатысты санитарлық ережелер мен нормаларды қабылдады. Соған сай, тыйым салып отырмыз. Өйткені, газды сусын мен түрлі тәтті тағамдар ұл-қыздардың денсаулығына зиян.