Тараз. 77news — Облыс әкімі Асқар Исабекұлының төрағалығымен Тараз қаласына биртиптік 100 дүңгіршек соғу бойынша жиын болып өтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қала көшелеріне біртиптік 100 дүңгіршек соғудағы мақсат – облыста шағын және орта бизнесті дамыту, көшедегі нарық бағасын тұрақтандыру, Тараз қаласының эстетикалық келбетін бір жүйеге келтіру, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. Жиынға қатысушыларға биртиптік дүңгіршектердің соғудағы пайдасын айтқан аймақ басшысы, Тараз қаласының әкіміне арнайы жер қарастырып, тезірек бөлуді, облыстық кәсіпкерлер Палатасының директорына кәсіпкерлерді көптеп тартуды тапсырды.

Өздеріңіз білетіндей, көше саудасында баға тұрақтылығын сақтау үшін биртиптік дүңгіршектер ауадай қажет. Жайма базар мен түрлі-түсті талапқа сай емес дүңгіршектер осы уақытқа дейін біріншіден, қала көркіне кесірін тигізсе, екіншіден, баға тұрақтылығына біршама зиянын тигізіп келді. Сол себепті, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен Тараз қаласында 100-ден аса дүңгіршектер сүрілген болатын.

Алдағы уақытта біртиптік 100 дүңгіршек бойынша сауда павильондарының біркелкі эскизі жасалып, Тараз қаласы әкімдігінің тарапынан жер қарастырылатын болады. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жобаға қала кәсіпкерлерін белсене атсалысуға шақырамыз.