Тараз. 77news — Жамбыл облысында жүзім шарабы қайта өндіріліп, Қазақстандық нарыққа шыға бастады, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Жамбыл облысы бұрындары жүзім өсірумен және шарап жасаумен айналысқан Қазақстанның үш өңірінің бірі.

2015 жылдан бастап Меркі ауданының Ақарал ауылдық округінің «Ақ Арал» өндірістік кооперативі жергілікті шарап зауытын қайта жөндеуге және шарап өндірісіне арналған шикізат базасын жандандыруға кірісті. Көмек ретінде 170 млн теңге көлемінде несие алды. Ал қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бұл іске ғылыми тұрғыда қолдау көрсетіп отыр.

Биылдан бастап Жамбыл ауданында шарап өндірісі қайта жанданды. Мұндағы «Оңтүстік шарап зауыты» ЖШС Жасөркен зауытының негізінде жаңа шарап зауытын іске қосты.

Өндірістің бас технологы Кенжеғали Құрманқұловтың айтуынша, зауыт Өзбекстаннан экспортталған арнайы материалдардан өнделетін жүзім шарабын дайындайды. Сондай-ақ, жамбылдық жаңа зауыттың өнімдерін тек жергілікті тұрғындар ғана емес, солтүстік өңірлердің де азаматтары тұтына алады.