Жамбыл облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
46

Тараз. 77news — Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «9» шілдедегі №115-Ж/Қ өкімімен Айтқұлов Қанат Оңғарұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы-бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып тағайындалды. Бұл туралы 77news.kz AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айтқұлов Қанат Оңғарұлы 1967 жылы туылған, білімі жоғары, Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы, Технология, құрылыс, баға және сапаны басқару университетін «Бағалаушы» мамандығы, Д.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл облысының «Ақжол» агробірлестігінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

1995-2005 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарда, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде лицензиялау бөлімінің басшысы, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары «АСК», «Кайрат и Ко» ЖШС өндірістік базасының басшысы, 2011-2012 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде директордың орынбасары, 2013-2015 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, 2015 жылы Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «TengriCapitalCompany» ЖШС-гі басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары Промсвязь Алматы зауыты бас директорының орынбасары, 2018 жылдың наурызынан бастап «АЭА Тараз химиялық паркі» АҚ-ның құрылыс-жөндеу жұмыстарын бақылау департаментінің директоры қызметтерін атқарған.