Фото: Видеодан кадр

77news. 31 қазан. Тараз — Жамбыл облысында ірі жол апаты орын алды. Оқыс оқиғадан 20 жастағы азаматша ауруханада жан тапсырды деп хабарлайды 77news тілшісі.

Бүгін шамамен  таңғы сағат  3:20-да Алматыдан Шымкент қаласына беттеген автобус Айша-бибі ауылына жетпей аударылған. 31 жолаушыны тиеген қоғамдық көліктің жүргізушісі  қарсы бағыттағы жолаққа шығып, нәтижесінде рөлге ие бола алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел көмек нәтижесінде нөмірі 1-ші қалалық  ауруханаға 28 адам жеткізілді. 8 жолаушы түрлі жарақатына байланысты емдеуге, 1 бала облыстық балалар ауруханасына  жатқызылды. Облыс әкімінің орынбасары қайғылы оқиғадан зардап шеккен  азаматтардың хәлін білмекке ауруханаға барды. Оның айтуынша, енді науқастар айыққанша тікелей дәрігерлердің назарында болады.