Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77news — Жуалы ауданындағы «Қар-Алма» таулы-тынығу кешенінің құрылысы қызу жүріп жатыр, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Тұмса табиғаты бар, қыстыгүні қар мол түсетін Жуалы өңірі – туризмді дамытуға қолайлы аймақ. Тек, инвестиция құйып, табиғат ананың мүмкіндігін пайдалану қажет. «Қар-Алма» тау кешенінің жалпы аумағы 60 гектарды құрайды.

Фото: Санат Аралбек

Қазір құрылысшылар 2 ауысыммен тоқтамай жұмыс істеуде. Жол құрылысын 50 пайызға  аяқтадық, — деп отыр. Сонымен қатар, құбырлар орнатылып, жарықтандыру жүргізілуде.

Айта кетейік, құрылыс аумағында 78 техника, 30-ға жуық жұмысшы құрылыс жұмыстарын жүргізуде.