Тараз. 77news — Жамбыл облысының тарихынан сыр шертетін аймақ құрылмақ, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Тарихи аймаққа Төле би, Бектұрғанов, Пушкин және Асқаров көшелері  кіріп отыр. Өйткені, аталған көшелерде ХІХ ғасырдан қалған 20 тарихи нысандар бар.  Мәселен, алғашқы дәріхана,  Константин Скрябиннің музей-үйі орналасқан. Алайда, ғимараттар бүгінгі таңда ескіріп, құлауға шақ қалған. Тиісінше, өңін жоғалып, тарихи құндылығы азайып жатыр.

Бұл маңызды мәселені облыстық туризм басқармасы қолға алып отыр.  Сондықтан тарихтан сыр шертетін ғимараттарға жауапты мамандардың басын қосып, жоспарды іске асыру бойынша ой бөлісті. Енді жоба бойынша ескерткіштер туристік кешен негізінде жанданып, сәулеттік бейне қалыптаспақ.