Тараз. 77news — Бүгін Таразда алғаш ІТ-сыныбының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі Жамбыл облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалім аталған сыныпқа арналған барлық құрал-жабдықтарымен, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқу және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері, құрал-жабдықтары орнатылған.

ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар «STEM centr» акдемиясы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Бірінші оқу модулінде оқушылар бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава» бағдарламалау тілдерін меңгереді. Ал 2-ші оқу модулінде робототехника бойынша білімдерін жетілдіреді. Онда олар «Лего» және «Ардуино» конструкторларынан робот құраса, 3-ші оқу модульде 3D модельдеуді меңгереді.

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы өңірде жыл соңына дейін 12 кабинет ашуды жоспарлап отыр. Ашылатын ІТ-сыныптарда 1300 оқушы білім алса, 2019 жылы 1800, ал 2020 жылы 2400 бала бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын үйренбек.