Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Жылу мен жарық үшін қарызға батқан борышкерлер жалақысынан қағылуы мүмкін. Өйткені, ескертуге құлақ аспағандардың ісін мамандар  сотқа жолдапты, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тараздық 2314 азамат төлемді уақытылы жасамағандықтан біраз әбігерге түспек. Халықтың берешегі былай тұрсын, кейбір мемлекеттік мекемелердің өзі коммуналдық қызмет ақысын төлеуден жалтарған. Қара тізімді әуежай мен орталық мұражай бастап тұр.

Коммуналшылар төлемді жинау үшін таңнан қара кешке дейін  табан тоздырамыз, —  дейді. Тіпті, тұрғындарға қарызды өтеу керектігін жиі айтамыз деп отыр. Алайда, құлақ асқандары бірең-сараң.

«Таразэнергоцентр» АҚ басшыларының бұлай шырылдауына да себеп көп. Өйткені, қазір кәсіпорын қаржылай қиындықтарға ұшырап отыр. Қарызын кешіктіретіндердің кесірінен, өз шығынын жаба алмай қалу қаупі бар. Ал, кірген кіріс табиғи отын құнының тек 65 пайызын ғана жабады екен. «Таразэнергоцентр» АҚ мамандары істі сотқа жіберіп қарап отырмаймыз, —  дейді.