Тараз. 77news — Қазақстанда 18 шілде күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады,  — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«18 шілде күні 03:00-ден 17:00-ге дейінгі (Астана уақытымен) аралықта «Қазтелерадио» АҚ-тың спутниктік және эфирлік телерадио хабар тарату желісінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты, телевизиялық және радио сигналдар үзіледі», — делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.