Тараз. 77news — Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы болып Смайлов Жандос Мейірбекұлы тағайындалды, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалидің ФБ парақшасына сілтеме жасап. 

Жандос Смайлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған, сондай-ақ, әр жылдары «Қазконтент» АҚ-да республикалық Baq.kz ақпараттық порталында және El.kz жастар сайтында редактор, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық-мониторинг бөлімінің басшысы, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз хатшысы және «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-да бас сарапшы болып қызмет атқарды.
2015 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.