Тараз. 77news — Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу жұмыстары Жамбыл облысында жүйелі жүргізілуде, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Ұстаздарды аттестаттау 2 кезеңнен тұрады. 1 кезең – біліктілік тестілеу және 2 кезең аттесатталатын тұлғаның жұмысының қорытындысын бағалау.

Облыс бойынша тест тапсыруға ағымдағы жылдың 2 мамырына дейін 4102 мұғалім өтініш білдірсе, оның 3922-сі ағымдағы жылдың 26 мамыр мен 5 шілде аралығында тест тапсырды. Дәлелді себептермен тестке қатыса алмаған және біліктілік тестінен төмен нәтиже көрсеткен педагогтар ағымдағы жылдың қараша айында қайта тестілеуге қатыса алады. 

Бүгінгі таңда аттестатталатын мұғалімдердің жұмысының қорытындысын бағалау жұмыстары жүргізілуде. Комиссияның оң қорытындысын алған педагогтар 1-қыркүйектен жаңа формат бойынша үстемақы алып, оларға педагог-модератор, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-шебер деген категория беріледі.