Фото: М.Жинақбаеваның ФБ парақшасынан

Тараз. 77news — Күні кеше Зербұлақ көлінде 12 жасар бала суға батып, қайғылы жағдай  орын алды. Бұл туралы бейресми ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті.  Қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева бұл теріс ақпарат екенін ФБ парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Фото: М.Жинақбаеваның ФБ парақшасынан

«…Зербұлақ көлінде орын алған қайғылы жағдай туралы əлеуметтік желіде бір әйелдің ақпарат беруімен Төтенше жағдайлар департаментінің өткізген «Жас құтқарушы» оқуына қатысқан балалар суға кетті дегені шындыққа жанаспайды. Байзақ ауданының мектеп оқушысы туыстарымен демалуға келген. Əрине, қайғы бəрімізге ортақ, жас баланың өмірі, өте аянышты…Қайғырып көңіл айтамыз. Сондықтан ақпаратты естімей, көзбен көргеннен кейін тарату жөн болар», — делінген қалалық білім бөлімі басшысының ФБ парақшасында.