Фото: Елнұр Мұхтаров

ТАРАЗ. 77NEWS — Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары Жамбыл жеріне саяхаттап келді.  Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген жасөспірімдер облысымыздың тарихи жерлерімен, мәдени нысандарын араламақ, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.  

Шілденің 18-20 аралағына жоспарланған экскурсияға түрлі жарыс жеңімпаздары мен аз қамтылған отбасыдан шыққан 25 оқушы келді. Экскурсияның алғашқы бағыты «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығынан бастау алды. Бұл жерге қонақтар мұражайдағы мұраларға көз тігіп, ескіден қалған естеліктермен танысты.

Жас саяхатшылар «Көне Тараздан» шығып «Қарахан баба» кесенесіне  табан тіреді. Сондай-ақ, «Айша бибі», «Бабаджа хатун», «Тектұрмас» кесенесін  және қаладағы спорттық-мәдени кешендерді аралады.