АЛМАТЫ. 77NEWS — Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен  көз жұмды, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Естеріңізге салайық, қастандық бүгін түскі уақыт кезінде орын  алды. Оқиға Алматы қаласындағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің бойында болған. Мәнерлеп сырғанаушы қатты қан жоғалтып, көз жұмды.

Денис Тен – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.