ТАРАЗ. 77NEWS — Жамбыл облысында қолөнершілер көрмесі өтпек, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тараздың  төл тарихын, тұрпатын танытатын жоба облысымызда алғаш рет өтпек. Аясы кең ауқымды шараның мақсаты – өңірдегі қолөнершілердің туындыларын туристер арасында кеңінен таныту. Шетелден келетін қонақтарға берілер кәдесыйды сапалы әрі өтімді ету  үшін ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль «Көне-Тараз» тарихи-мәдени орталығы мен «Төрткүл» керуен сарайында өтетін болады.  Мәселен, «Төрткүл» керуен сарайында киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің бұйымдары сонда қойылады. Жобаға Жамбыл облысынан 100 қолөнерші қатыспақ. Бұдан бөлек, әр қолөнершінің  өзі және жасаған өнімдерінің  жинағы әзірленбек. Енді 3 ақпараттық дүңгіршек құрылып, жарнамалық жұмыстар басталмақ.