Тараз.77NEWS — Тараз халқы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасты. Қоштасу рәсіміне келген жұрт спортшыға арнап қойылған баннерге гүл шоқтарын қойды,- деп хабарлайды «77news.kz» ақпарат агентігінің тілшісі.

Тараздықтар «Жеңіс» саябағына жиналып, Жамбыл облысы әкімдігі арнайы қойған баннерге құшақ-құшақ гүлдерін қойып жатты. Еңгейкен баладан, еңбектеген қарияға дейін небәрі 25 жасында кісі қолынан қаза тапқан Денис Тенмен қоштасуға келген. Олар спортшының жетістіктерін еске алып, қимастықпен қоштасты. Аспанға әуе шарлары ұшырылды.

Ал олимпиада ойындарының жүлдегерін ақтық шығарып салу Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Денистің денесін Дружба ауылындағы мазарға алып барып, әжесінің қасына жерлейді.