77news. 1 қараша. Тараз — Облыстың барлық аудандарында жалпы жұртқа жағымды акция бастау алды. Бір уақытта басталған шара – «Туған жерге туыңды тік!» деп аталады. Мемлекет басшысының мақаласы аясында бастау алған жоба, ауылдан ауданнан шыққан танымал, халыққа көмек етуге қауқары бар жандарды, өз ауылын көркейтуге тарту мақсатында ұйымдастырылған.

Бүгінде Жамбыл ауданында белгілі тұлғалар, табысты кәсіпкерлераудан экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосуда. Бүгінгі акцияда сол аптал азаматтар, мен сала үздіктері халыққа сөз сөйледі. Мемлекет басшысы саясатын қолдауға шықырып, туған жерге барынша қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде салтанатты шарада аудан басшылығы аталған азаматтарға сый көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапаттады. Мамандардың айтуынша, ел қамын ойлаған тұлғалар тек әлеуметтік жақтың ғана емес, сонымен қатар рухани дамуды да ойға алған. Сол себепті кітапхана қорының толып отыруына да сеп болуда.

Облыс бойынша бір мезетте өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты  ауқымды шарада Меркі ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Меркідегі форумға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлықғының иегері Мұрат Әуезовте туған жеріне арнайы ат басын бұрыпты. Олөз сөзінле туған жеріне деген жүрек жарды жылы лебізін білдірді.Сондай-ақ, «Рухани жаңғырудың» шынайы мақсатын  жастарды, мектеп оқушыларына жіті түсіндіріп баршаны сапалы білім алуға шақырды. Ал, Жаңаруды әр адам өзінен бастау керектігін баса айтты.