ТАРАЗ. 77NEWS — «Серпін-2050» бағдарламасы аясында білім грантына  құжаттар қабылдау басталды. Оңтүстіктен солтүстік өңірлердегі оқу орнына түсуге үмітті талапкерлер өңіріміздегі жоғары оқу орындарына құжат тапсыруына болады,  — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

«Серпін»  бағдарламасы бойынша білімін жетілдіруге тілек білдірушілердің  биыл да қарасы қалың.   Өйткені,  теріскейде оқу — тиімді. ЖОО-на түскен білімгерлер  шәкіртақы және жатаханамен  қамтамасыз етіледі. Ақысыз  оқулығы  тағы бар. Бұл әлеуметтік бастама аясында, елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделіп отыр. Ал, түлектерге қойылатын басты талап — сапалы  білім алу.   Айта кету керек,  жобаға жауаптылардың айтуынша  Жамбылдық жастардың  1160 «Серпін» бағдарламасы аясында білім алуда дейді.  

«Серпін — 2050» бағдарламасына Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының түлектері ғана қатыса алады. Еліміздің солтүстігі мен шығысындағы ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ-да кем дегенде 50 ұпай жинаулары тиіс. Әрі бейіндік пәнінен көрсеткіштері жақсы болуы шарт.