ТАРАЗ. 77NEWS — Жамбылда жыл басынан бері жалпы қылмыстар саны төмендеген. Әсіресе, кісі өлтіру, зорлау, бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, бұзақылық фактілері азайған, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің  тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 1150 қылмыстық іс қолға алынып, оң шешімін тапқан. Алайда, барлық заңбұзушылық саны 3 мыңнан асып жығылады екен. Зорлық зомбылықтың 7 дерегі тіркеліпті. Күдіктілердің бәрі құрықталып, жаза арқалаған.  Ал, қоғамдық орындардағы заңғы қайшы әрекеттер көрсеткіші 29,9 пайызға түскен.

Байжан Байгелді, Жамбыл облысы ІІД басшысының орынбасары: 

«Қылмыспен күрес бойынша жұмыстарды әрмен қарай жалғастырамыз. Бірнеше мәрте жасалған қылмыс болса, қатаң жаза тартуға шара қолданамыз.  Заң бәрімізге ортақ. Сондықтан жаза арқалағандар, заңға сәйкес жауап береді»