ТАРАЗ.77 NEWS — Таразда «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында №30 мектеп-гимназиясында ІТ-сынып ашылды. Жыл соңына дейін осындай 12 сынып ашу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

«Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында, партия Тараз қалалық филиалының қолдауымен, Қазақстан Республикасынаеңбегін  сіңірген өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың демеушілік жасауымен және Тараз қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің ұйымдастыруымен №30 мектеп-гимназиясында ІТ-сынып ашылды. 

ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Интернет желісіне де қосылған. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.Мұнда 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқытылатын болады.

Оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгереді. Онда оқушылар «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Онда оқушылар «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын меңгеріп шығады.