ТАРАЗ.77NEWS — Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, үшінші адам тиісті ақпаратты уақытында жеткізбегені үшін жауапқа тартылып отыр-.деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі, inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Иә, Денис Теннің өлімі бойынша үш адам ұсталды. Үшінші адамның аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Ол тиісті ақпаратты уақытында айтпағаны үшін жауапқа тартылып отыр», — деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.  2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кейін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті — 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды. Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген. Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.