77news. 30 қазан. Тараз — Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция басталды.  «Бір сәби – бір ағаш» деп аталатын. Шара кезінде биыл нәрестелі болған жас отбасылары тал отырғызды. Басты идея ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру.

Облыста жыл басынан бері 19 мыңға жуық сәби дүниеге келген екен. Ал, қазан  айында бұл көрсеткіш 2 829-ды құраса, сонғы 3 күндікте 172 сәби дүние есігін ашқан. Бұл жағымды жаңалықпен қоса, қолға алынған жаңа жоба да жұртшылықты қуантып отыр. Облыстық перенаталдық орталықта басталған игі шарада,дүниеге сәби әкелген ата-аналаркөпжылдық ағаштар отырғызды. Мұнан соң сол дарақтардың құжаттары ата-аналарға табысталды.

Сондай-ақ, бұл бастама Байзақ ауданында да жалғасын тапты. Аудан орталығындағы Н.Киікбаев атындағы орта мектеп алдына жиналғандардың қарасы қалың болды.Аудан әкімі  нәрестелі болғандарға бауы берік болсын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.Артынша  қазан айында дүниеге келген  36 сәбидің ата-аналары 80-ге жуық ағаш отырғызды. Әр түп ағашқа дүниге келген жаңа сәбилердің аты жазылған тақтайшалар ілінді.Ал нәрестелердің ата-аналары игі бастаманы қолдап, ризашылықтарын білдірді.

Облыс бойынша бір мезетте өткен «Бір сәби – бір ағаш» жобасы Қордай ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Орталық алаңға жиналған қауым көтеріңкі көңіл күймен акцияға белсене қатысты.Осы күні 100 шырша ағашы отырғызылып, оның әрқайсына жаңа туған сәбилердің есімі жазылған тақтайшалар ілінді.Алдағы уақытты бағалы бастама әрмен дәстүрге айналмақшы.