ТАРАЗ. 77NEWS Облысымызда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін оң өзгерістер күтіп тұр. Осы мақсатқа биылғы жылдың өзінде бюджеттен 7 млрдтан астам қаржы бөлінген, — деп хабарлайды 77news.kz АА тілшісі.

Өңірімізде техникалық және кәсіптік  білім беретін 49 колледж бар. Осы оқу орындарында   93 мамандық бойынша 27 мыңнан аса студент білім алуда. Ел келешегі жастар екендігін ескерсек, әр жас маман жұмыспен қамтылуы тиіс. Сондықтан облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылынан бастап, техникалық мамандықтарда білім алған жастардың жұмыссыз қалмауы үшін екі өзгешелік енгізгелі отыр. Бұл бір жағы облыс әкімі  Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы болатын. Енді жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында келісім шарт жасалады. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 330 келісім  шарт жасалып, бұл бағыттар бойынша жұмыстар жалғасады, — дейді өңіріміздің бас ұстазы.