Тараз.77NEWS — Шілденің 31нен  тамыздың 1не қараған түні жеке тұрғын үй өртке оранды. Салдарынан 2 тұрғын ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Таразда Сейілхан Аққозиев көшесіндегі тұрғын үй кешкі 23.10 шамасында отқа оранған. Өртті көршілері байқап, дереу құтаруға кіріскен. Төтенше жағдай кезінде үйде 79  жастағы  қарт анамен, 58 жастағы ұлы болған. Қазір олар  қалалық №2 аурухананың жансақтау бөлімінде. Тілсіз жаудың себебі қазір анықталып жатыр. Мамандардың болжамы бойынша  өрт электр сымдарының тұйықталуынан орын алған.