Жұрт арасында жаман ауру деп аталып кеткен қатерлі ісік кеселі біздің өңірімізде де дендеп барады. Әйтсе де сырқат ерте анықталып ем-дом жасалса науқасты аурудан 90 пайызға дейін айықтыруға медицинаның мүмкіндігі мол. Дегенмен бізде азаматтар ауруы асқынған кезде ғана дәрігердің көмегіне жүгінетін көрінеді. Ал қазақта ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде деген сөз бар. Осы обыр ауруының түрлері мен оны болдырмаудың жолдарын тілшіміз Рахат Күзберген зерттеген еді.

Бүгінде ме­ди­ци­на са­ла­сы қарыштап да­мып келеді. Әлемде қаншама ар­найы ап­па­ра­ттар шығарылып, адам­зат ба­ла­сы техниканың арқасында күрделі опе­ра­ция жа­са­тып, өмір сүруде. Алай­да, өкінішке қарай кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылған жоқ. Соның бірі — қатерлі ісік. Обыр клеткасы адамның басынан аяғына дейін кездесе береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытқа қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды. Немесе көбейеді. Сөйтіп жылына 20 млн адамның өміріне қауіп төндіреді. Оның ішінде өкпе обыры алдыңғы орында тұр. Содан кейін терінің қатерлі ісігі, сүт безінің, асқазан, өңеш және жатыр мойынның ісігі дертіне шалдыққандарда жиі кездеседі. Обырдың жалпы қатерлі және қатерсіз екі түрі болады екен.Сондай-ақ, сүт безі ісігінің пайда болуына да ықпал ететін факторлар көп.

«Ал статистикаға сүйенсек,Жамбыл облысы бойынша 2016 жылы сүт безі қатерлі ісігінен 1190 әйел есеп тұрды.Оның ішінде алғаш рет анықталғаны174. Аурушаңдық көрсеткіші15,6 пайызды құрайды.Алғашқы анықталған 174 қатерлі ісіктің 1-2 сатысындағысы 149 әйел.Яғни 85,6 пайызды құрайды», — облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай  Нұржанов.

Облыстық онкологиялық диспарсерде аурудың алдын алу, ауруды ерте анықтау, заманауи технологиялармен емдеу тәсілдері жүргізіліп келеді. Сәулемен емдейтін жаңа қондырғылар, химиялық көрсеткіші жоғары дәрі-дәрмектер, операция жасайтын аппараттар орналастырылған. Ол құрылғылар қатерлі ауруға қарсы жасалатын оталарды біршама жеңілдетуде. Айта кетерлік, диспансердің операция бөлімінде аптасына  20 ота жасалынады екен.

Облыс бойынша 650 адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Оның 1150 і биыл есепке алыныпты. Науқастардың 58 пайызы қатерлі ісіктің 1-2 кезеңімен, ал 9,6 пайызы онкологиялық аурудың 3-4 сатысымен ауыратындар. Олардың арасында ем алудан бас тартқан науқастарда кездеседі.

Обыр емге көнетін дерт. Алайда қатерлі ісіктің қауіптілігі алғашқы кезде ауырып білінбейтіндігінде. Көпшілік онкологиялық ауруға шалдыққан адамның ғұмыры қысқа болады деп түсінеді. Әрине бұл қате пікір. Әр адам өз денсаулығына салғырт қарамауы тиіс. Ауру ерте бастан анықталса, соғұрлым оң нәтиже береді. Сондықтан кем дегенде жылына 1 рет немесе 2 рет дәрігерге көрінген абзал.