Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77NEWS — Таразда  ұзындығы 5 шақырымды құрайтын көше бойына 205 бағана мен жарықшам орнатылған — , деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Көше шамдары толық жаңартылса, электр энергиясы екі есе үнемделеді. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 70 млн тг бөлініп, қазір Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралық жөнделіп жатыр. 1985 жылғы ескі бағаналар жаңасына ауыстырылып, электр сымдары жер асты арқылы жүргізілді. Арақашықтығы 50 метрды құрайтын бағаналардағы жарықтың сәулесі 25 метрге дейін жетеді. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұдан бөлек шаһарда 28 көше қайта жарықтандырылмақ.