Тараз.77NEWS — Қордай ауданы, Өтеген ауылының тұрғындарына 400 орындық асхана ашылды-, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Ауылдық мешіт жанынан сән-салтанаты жарасқан үлкен асхананың ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Нысанның лентасын аудан әкімінің орынбасары мен ауыл ақсақалы салтанатты түрде  қиды. Бір мезетте төрт жүзге жуық адамды қабылдайтын асхана ешбір салтанат сарайынан кем түспейді. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамсыз етілген. Бұл ауылдың  жомарт жандарының тұрғындарға арнаған сыйы. 

Ауыл ақсақалдары мен әжелері өнегелі сөз сөйлеп, ғимарат құрылысына атсалысқандарға алғысын жаудырды. Ал, ауылдық округ әкімі асхана құрылысына қосқан үлесі үшін бірнеше азаматтарды алғыс хатпен марапаттады