Тараз.77NEWS — Жамбыл облысында  Елбасы Жолдауын түсіндіру, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бағдарламалық мақала аясында 5 млрд.теңгеге 117 жоба, 68 түрлі форматтағы іс-шара іске асырылуда-, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі. 
Жамбылдықтардың билік органдарымен байланысын нығайту «Қоғамдық бақылау» сайты ашылды. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық орталық» қызметін ұйымдастыру жоспарлануда.