Тараз. 77NEWS — Аймақтағы мәдениет саласындағы тың серпін деп мәдениет ошақтарының тиімділігін арттыру, оларды халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру мекемесін айналдыру жұмыстарының қолға алынғандығын ерекше атап өтуге болады. Сәйкесінше мәдениет ошақтарында «Цифрландырылған ақпараттық орталықтары» ашылады-, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Одан бөлек «Әулиеатаның қасиетті жерлерінің картасы» жобасы іске асырылып, «Әулиеата өңірінің көптомдық энциклопедиясын» сериялармен шығару бойынша жұмыстар басталды.
Жергілікті бюджет және инвесторлар қаражатына өңірде 5 арнайы туристік аймақ құрылды.Осы мақсатта Жуалы ауданында «Қаралма» тау-шаңғы туристік базасын салу бойынша инвестициялық жобасы әзірленді. Бұдан басқа облыстың 33 туристік нысан кірген 12 туристік маршрут әзірленді.