Тараз.77NEWS — Жамбыл облысында 7-10 тамыз күндері 40С  дейін қатты ыстық күтілуде- ,  деп хабарлайды  77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК  хабарлауынша алдағы күндері республиканың көптеген бөлігінде ыстық ауа-райы басым болады, кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасының негізгі фоны 27-35, оңтүстікте және батыста 40 градусқа дейін болады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр аудандарынан салқын және ылғалды ауа келуіне байланысты 9 тамызда ыстықтың төмендеуі басталады, ауаның күндізгі температурасы 20-28 градус жылыға дейін төмендейді.