77news. 2 қараша. Тараз — Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Жамбыл политехникалық колледжінде «Менің Елім – Мәңгілік ел »атты форум өтті. Жиында 400 ге жуық жамбылдық жастар жиылды деп хабарлайды 77news тілшісі. 

Жастар форумы өскелең ұрпақ арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Жастар өз сөзінде бейбітшілік пен келісімнің негізінде мемлекет басшысы Қазақстанның биік жетістіктерге жетуіне ықпал етті дейді. сондай-ақ ОларМемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға әрқашан дайын екендіктерін дежеткізді.

Іс-шара барысында еліміздің даму жолында тәуелсіз мемлекет жастарының алар рөліде кеңінен айтылды. Форумға тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері, профессорлар, сондай-ақ танымал, көрнекті тұлғалар да қатысты.

Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, біз болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз бақытты болашақты сыйлай аламыз. Ал, форум концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда домбырашылар ансамблі патриоттық композицияларды орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.