ТАРАЗ.77NEWS — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облыстық департаментінің жаңа басшылық қызметіне Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы тағайындалды, – деп хабарлайды 77news.kz АА агентігінің тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әшірбаев Әділхан Ханымұлы 1978 жылы дүниеге келген.ҚР ҰҚК академиясын тәмамдап,2014 жылға дейін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде түрлі қызмет атқарған.2014-2016 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайдас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл БҚО департамент басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.

2016 жылдан бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы қызметінде болған.