Тараз.77NEWS — Таразда 6 жасар қыз бесінші қабаттан құлап,қайтыс болды-, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Төтене жағдайлар қызметі хабарлауынша оқыс оқиға 8 тамыз күні, сағат 20:30-да Тараз қаласы Самал (7) мөлтек ауданы, 2 үйінде орын алған. Ата- анасының қарауынсыз қалған 2012 жылы туылған қыз бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап, ауруханаға жедел жеткізілді. Өкініші орай,  емдеу шаралары еш нәтиже  бермей, қыз қайтыс болған.