Фото: Санат Аралбек

ТАРАЗ. 77NEWS — Қорым қор болды. 5 мөлтек ауданға қарасты Әл-Фараби көшесіндегі бейіт өртке оранды, — деп хабарлайды  77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Әзірге қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз. Төтеншеліктердің айтуы бойынша, оларға қоңырау кешкі алтыдан бір минут кеткенде келіп түскен. Мүрделер бір-біріне тым жақын орналасқандықтан, өрт сөндіру көлігі оқиға орнына дереу жете алмаған. Біраз жерді жалмаған тілсіз жаудың алдын алуға төтеншеліктер тек екі маманды ғана аттандырған. Алайда, олар өртпен сағатқа жуық алысқан.