ТАРАЗ. 77NEWS  — Орталық коммуникациялар қызметінде дизель отынының бағасына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов, KAZENERGY қауымдастықтың мұнай-газ және энергетикалық даму жөніндегі атқарушы директоры Рүстем Қабжанов, «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмұрзин, «Petroleum Operating» ЖШС Бас директорының орынбасары Асхат Қалиақпаров және «Petrosun» ЖШС Бас директорының Бірінші орынбасары Нұржан Сәтбаев қатысты.

«KAZENERGY», «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Petroleum Operating» ЖШС, «Petrosun» ЖШС қауымдастық басшылары дизельдік отын бағасының ағымдағы жағдайы туралы баяндап береді.

«Бүгінгі күні автожанармай құю станцияларында дизель отынының құны өсті, ол бірнеше факторларға байланысты болып отыр.  Дизель отынын тұтыну көлемінің өсу себебі өндірілген дизель отынының басым бөлігінің ауыл шаруашылығы және темір жол салаларын қамтамасыз етуге жұмсалатыны негізгі фактор болып табылады. Бұдан басқа, сұраныстың артуы Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалының маусымдық өсуімен және де осы жағдаймен байланысты ішкі нарықтағы және көрші елдердің шекаралас аймақтардағы бағаның диспаритетіне байланысты отынның шекара асып кетуі болып табылды. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына сәйкес дизель отынына  арналған акциз мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 1 литр үшін 7,7 теңгеге көтерілді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету жөнінде: 2018 жылдың көктемгі егіс жұмыстарының тұрақты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен түрде «Көктемгі егіс жұмыстарына дизельдік отынды жеткізу бойынша Мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) облыстарды бекітіп беру кестесі» әзірленді және бекітілді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (АШТӨ) қажетті мұнай өнімдерінің көлемін анықтап,  ҚР Энергетика министрлігіне егіс және егісті жинау жұмыстарын жүргізуге арналған АШТӨ үшін дизельдік отынды жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізеді. АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын жөнелтуге басымдық заң деңгейінде берілді, бақылау мен мониторинг жүргізу тәулік бойы жүзеге асырылады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Энергетика министрлігімен 2018 жылғы егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін жан-жақты шаралар қолданылып жатқандығын хабарлаймыз», деді Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Global Petroleum Prices Халықаралық агенттігінің сараптауына сәйкес өткен айдағы жағдай бойынша Қазақстан бензині арзан елдердің ішінде 10-шы орында, ал дизель отыны бойынша – 167 елдің ішінде 13 орында тұр. Ең қымбат бензин Сауд Арабиясы, Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан елдерінде. Тек қана 9 елде бензин, 12 елде дизель отыны 12 арзан.