ТАРАЗ. 77NEWS —  Аймақаралық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бүгін Шымкентте Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Роуд-шоуға Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы бірқатар ірі компаниялардың, «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ аймақтық өкілдері қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – құрылыс материалдары, агроөнеркәсіп кешені және әртүрлі өңдеуші өнеркәсіп секілді ірі экономикалық секторларда іскерлік ынтымақтастықты дамыту.

Бизнес –форумда 14-тен астам инвестициялық жоба ұсынылады. Оның ішінде, қазіргі заманғы медициналық кешен құрылысы, ультра пастерленген сүтті өндіру және қаптау цехын кеңейту, «С» санатындағы жол бойындағы сервистік кешендердің жобалары бар.

Роуд- шоуда «Тараз Химиялық паркі» АЭА тұсаукесері өтеді деп жоспарланған. Жиын ары қарай «В2В» түріндегі кездесулермен жалғасады.