Тараз.77NEWS — Бағлан Балтабайұлы Телеу Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды,- деп хабарлайды 77 news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Бағлан Телеу 1969 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы Торғай облысы, Арқалық қаласының прокураторасында бастаған.Прокуратура саласының түрлі қызметтерінде болып, 2013-2016 жылдары Тараз қаласының прокуроры, 2016 жылдан бері Байзақ ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.