77news. 2 қараша. Тараз — Қала прокурорлары қоғамдық көлік жүргізушілерімен,базар басшылықтарымен кездесу өткізді. Жиында өзгенің мүлкін қолды қылатын 2017-2019 жылдарға арналған «Қауіпсіз Тараз» жобасы аясында атқарылатын істер айқындалды.

 Осы жылдың 9 айында қаламызда 4037-ге жуық өзгенің мүлкін ұрлау фактілері тіркелген. Айта кету керек, бұл құқық бұзушылық түрі өзгелерге қарағанда алдыңғы орында тұр. 663 ұрлық қоғамдык көлікте болған, нақты айтар болсақ 552 жағдайда ұялы телефондар, 43-де сөмке мен ақша қолды болған. Арнайы сараптама нәтижесінде әрбір автобуста бейнебақылау орнатылмағандығы анықталды. Осыған байланысты қала прокуратурасы кәсіпкерлерге бейнебақылау камераларын орнату туралы жұмыс жүргізуді ұсынды.

Тараз қаласы прокурорының орынбасары қала базарларындағы құқық бұзушылықтар статистикасын келтірді. Сәйкесінше, 9 айда 259 ұрлық тіркелгені белгілі болды. Оның 200-і ең ірі «Ауыл Береке» базарында жасалған. Бейнебақылау жүйесінің болмауы да алаяқтарға жәрдем етеді екен. Өз кезегінде  жергілікті полиция қызметінің басшылығы қылмыспен күреске қоғамдастықты тартуға да шақырды.

Сондай-ақ кездесу кезінде қоғамдық транспорттағы жолаушылар тасқынының шектен тыс көптігі де талқыланды. Алдағы уақытта прокуратура жергілікті полиция қызметімен бірге қоғамдық транспорттағы жолаушы санына бақылау жүргізу мәселесін қолға алмақ.