Тараз.77NEWS — Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қаулысына сәйкес Жамбыл облыстық филармониясы Кенен Әзірбаевтың есімімен аталады. 

Сонымен қатар, «Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына» атақты күйші, қобызшы Ықылас Дүкенұлының есімі берілсе, қалалық №10 орта мектеп Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталды.